• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:58:58
Алматы
+35°

SpaceX компаниясының жұлдызкеме ұшыру сынағы тағы да үлкен жарылыспен аяқталған болу мүмкін екені туралы ақпараттар таралуда.

Компания жұлдызкеменің төртінші ірі ұшу сынағын аяқтады. Ұшыру алаңындағы ауа-райының қолайсыздығынан не болғаны әлі белгісіз.

Сынақтың қалай өткенінің белгісіз болған себебі компания тікелей эфирді үзіп тастаған.

Дегенмен, Илон Маск "қону басталғаннан кейін көп ұзамай маңызды іс болды" деп хабарлады және нәтижесінде кратер пайда болғанын айтты. 

Ал, британиялық The Independent басылымы "Илон Маск жарылысты растады" деп жазды.

Ақпаратқа сәйкес, "тұманды жарып өткен үлкен жарық" пайда болған, содан кейін қоқыстар жерге құлаған.

Ал SpaceX компаниясынан әлі күнге дейін ешқандай хабар жоқ. "Жарылыс қонуға дейін болған болуы мүмкін" дейді Лондонда орналасқан басылым.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір