• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:26:00
Алматы
+35°

"Иран мен Қытай арасында жасалған және ұзақ уақыт бойы талқыланған сауда, инвестиция және қорғаныс келісімшарты Тегеранға тыныстап алуға мүмкіндік береді" деп хабарлады The Independent басылымы.

Иран Американың ядролық келісім туралы қысым жасауына қарсы екенін ашық білдіруде.

Ал Бейжің мен Тегеран 25 жылдық келісімшартқа қол қойып, Вашингтонға ескерту жіберді.

– Мәміле маңызды. Уақыт та дәл кезі. Иран өзінің шиеленісті және қиын кезеңінде де серіктестері бар екенін білдіруге тырысады. Сонымен қатар, бұл Иранның басқа елдерді қуып жетуге тырысуы. Дегенмен, бұл Иран мен Қытайдың ерекше терең және кең қарым-қатынасқа ие екендігінің белгісі емес, – дейді Лондондағы сарапшы және экономикалық даму маманы Есфандияр Батмангельидж.

Энергияға сұранысы мол және коронавирустық пандемиядан экономикалық тұрғыдан қалпына келген Қытай АҚШ-тың санкциялары Иранмен сауда-саттыққа кедергі келтіргеніне қарамастан, қазірдің өзінде әлемдегі кез келген елге қарағанда Иран мұнайын көбірек импорттайды.

Иран мен Қытай жақында Үнді мұхитында Ресеймен бірлескен әскери жаттығулар өткізді. Бейжің мен Тегеран барлау мәселелері бойынша бірнеше жылдар бойы ынтымақтастықта болды. Кейбір ақпараттар Тегеран Бейжіңге америкалық ұшқышсыз ұшақтар мен адамдардың тыңшылық желілері туралы құпия ақпарат берді деп санайды.

Иран мен Қытай арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім Ислам республикасын Бейжіңнің "Бір белдеу, бір жол" бастамасына қосты. Ал, "Бір белдеу, бір жол" бастамасы – Әлемдегі ең ірі экономика болуға ұмтылған Бейжіңнің ондаған мемлекеттерге ықпалы мен инвестицияларын кеңейтуге бағытталған ғаламдық инфрақұрылымдық жоба.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Иран АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір