• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:08:24
Алматы
+35°

Ол ажырасты, жұмыссыз қалды, панасыз көшеде қалмас үшін мемлекеттен жәрдемақы алып күнелтті. Оған клиникалық депрессия диагнозы қойылып, өзіне-өзі қол жұмсауды ойлады. Бірақ ол кейін алғашқы миллиардер жазушы болды. Ол табысының көбісін қайырымдылыққа аударды.

Ол университетті бітіргеннен кейін жеті жыл өтсе де, ауыз толтырарлықтай жетістігі болмаған сияқты сезінген соң, өзін "жеңіліске ұшыраған адам" деп санады. Оның некесі сәтсіздікке ұшырады.

Ол өзіне тәуелді баласы бар және жұмыссыз қалды. Осы кезде оған клиникалық депрессия диагнозы қойылып, өзіне-өзі қол жұмсауды ойлады.

Оның депрессиясы демонторлар деп аталатын кейіпкерлерді дүниеге әкелуге себеп болды. Ол өзінің жазған үшінші кітабында жанды соратын тіршілік иелерін депрессияға байланыстырды.

Оған қоса, ол өзінің әлеуметтік мәртебесін "қазіргі Британияда далада панасыз қалмаған кедей" деп сипаттады.

Ол әлемге әйгілі Гарри Поттердің авторы Джоан Роулинг еді.

Оның өміріндегі ең ауыр сәт оның анасының қайтыс болған кезі болған-ды. Ол кезде Роулинг 25 жаста болды. Анасы өмірден озған кезде Гарри Поттерді жазып бастағанына 6 ай болған еді. Кейін ол анасына жазған жұмысы туралы айтпағанына өкінді.

Шешесі көз жұмған соң ол Англиядан Португалияға кетті, себебі жігіті португал болды. Онымен барда танысқан, екеуі де ағылшын жазушысы Джейн Остинға қызыққан, содан кейін бір-бірін ұнату сезімі күшейген.

Дегенмен Португалияда оның өмірі бақытты болмады. Біріші қызын өмірге әкелді, алайда, некеден 13 айдан кейін ажырасты. Содан кейін Британияға қайтты. Ол кезде Роулинг Гарри Поттердің алғашқы 3 бөлімін жазып жатқан еді. Бір қызығы, Роулинг Манчестерден Лондонға баратын пайыздан кешігіп қалған кезде, оның ойына қиял-ғажайып оқиғалар келген. Кейін бұл оқиғалар мен әңгімелер әлемге танымал Гарри Поттерге айналған.

Кейінірек Роулинг Эдинбургке қайтып,  әпкесінің үйінің қасынан пәтер жалдады. Роулинг жұмыссыз болды. Бақытына жарай Ұлыбритания жұмыссыз азаматтарына жәрдемақы беретін саясаты бар еді. Ол жұмыссыз кезінде ең төменгі жәрдемақы алып, Гарри Поттерді жазуды жалғастырды. Оның себебі ретінде Роулинг кітап жазу өмірден түңілген кездегі өзінің хоббиы болғанын айтты. Роулинг ешқашан кітап арқылы миллиардер жазушы болам деп ойламаған еді.

Ол қызы қасында ұйықтап жатқанда кафеде отырып, қиял-ғажайыпқа толы кітабын жазатын. Роулингтың кафеде отыратын себебі әр түрлі айтылады. Кей ақпараттар ол тұрған пәтерде жылу жоқ десе, кей ақпараттар Роулинг кофе ішкенді жақсы көрді дейді.

"Кез келген стандарт бойынша, мен ең ауыр жеңіліс табушы болдым" дейді Роулинг еске алып. Роулинг сол кездегі депрессияны ойлағанда, өзінің суицидке барғысы келгенін мойындады.

Сол уақыттарда ол Гарри Поттерді жазу үшін компьютер сатып алуға ақшасы жоқ болды, тіпті әңгімелерін басып шығаратын, көшірме жасайтын да ақшасы болмады. Ол жазғандарын 12 баспаханаға жіберді, бірақ бәрі кері қайтарды. Роулинг үмітін үзе бастады. Бір күні Лондонда орналасқан Bloomsbury деген шағын баспахана оның әңгімесін басуға аяқ астынан келісім берді себебі баспахана иесінің 8 жастағы қызы қиял-ғажайыпқа толы әңгімелерді ұнатып қалған екен.

Кейінірек Роулингтің кітабы 450 миллион рет басылып, әлемге әйгілі болды. Көптеген силықтарды жеңіп алды және фильмдерге айналып жарық көрді. 2011 жылы Forbes Роулингтің табаысы миллиард доллардан асқанын жариялады және ең табысты жазушы ғана емес ең таысты өнер адамы деп атады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Роулинг Британия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір