• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:48:14
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері С.Бейсенова қалада шектеу шараларының күшейтілгенін хабарлады

"Сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс кестесін  жұмыс  күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін істейді, ал демалыс күндері жұмыс тоқтатылады" делінген бас санитар дәрігердің құжатында.

Қаулыға сәйкес:

  • бұқаралық, отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), сондай-ақ мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салынады;
  • қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, кинотеатрлар, кинорумдар, бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары және ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда,  мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салынады;
  • сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмыс күшейтіледі;
  • қалалық қоғамдық көліктің жұмысы сенбі күндері штаттық режимде, жексенбі күндері жүрмейді;
  • Қашықтан оқытуға 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда барлық студент, сондай-ақ қала оқушысы көшеді;
  • жоғары оқу орындары мен колледждердің жұмысын барлық курс студенттері үшін қашықтықтан оқыту режиміне көшеді;
  • білім беру мекемелерінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың жеке оқуын ұйымдастыруға тыйым салынады;
  • Қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Осы қаулы 2021 жылғы 30 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір