• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Ақпан, 01:52:43
Алматы
-2°

Чехияның ең бай адамы, PPF Group Н.В (Халықаралық инвестициялық-қаржы тобы) негізін қалаушы және иесі Питер Келлнер, Аляскадағы Кник мұздығының жанында болған ұшақ апатынан қаза тапты деп, – хабарлады informburo.kz сайты.

Тікұшақ апатынан жалпы 5 адам қаза тапқан. Олардың қатарында Петр Келлнерден бөлек чех турисі, екі гид және ұшқыш бар. Экипаждың тағы бір мүшесі тірі қалқан. Алайда оның жағдайы қазір ауыр. Апаттың себептері анықталып жатыр.

Кәсіпкердің активтері Қазақстанда да болған. PPF Group N.V, (Халықаралық инвестициялық-қаржы тобы) "Хоум Кредит"-тің ірі акционерлерінің бірі. Ал Қазақстандағы "Хоум Кредит банкі" Хоум Кредит Н.В.  холдингінің еншілес компаниясы.

Питер Келлнердің байлығы 17,5 миллиард долларға бағаланған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір