• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:28:03
+35°

"Жұлдыз кеменің ұшу сынағы ертең түстен кейін болуы мүмкін" деп хабарлады Spacex компанияның негізін қалаушы Илон Маск 12 сағат бұрын өзінің Twitter парақшасында.

Жұлдыз кеменің SN11 деп аталатын соңғы нұсқасының сынағы әуелде 15 наурыздан басталатын аптаға жоспарланған болатын, бірақ SpaceX компаниясы тексеру барысында сынақты кешіктірді.

26 наурыздағы статикалық оталдыру сынағынан кейін Маск SN11 аспанға көтерілмес бұрын "қосымша тексерулер" қажет екенін мәлімдеді.

Статикалық оталдыру сынағы болған кезде зымыран жерде қозғалмай тұрып барлық қозғалтқыштарынан өрт шыққаны байқалды.

Маск сынақ кезінде қандай проблемалар туындағанын егжей-тегжейлі түсіндірмеді, бірақ Twitter парақшасында жұлдыз кеменің SN11 нұсқасы дүйсенбіге дейін қайта дайын болатынын айтты.

"Қосымша тексерулер қажет. Жерге қонуға және толық қалпына келуге бар күшімізді саламыз" деп жазды Маск.

Дегенмен жұлдыз кеме ұшырылатын Бока Чика полигоны орналасқан Камерон округінде осы аптада жол жабылатыны туралы әлі ешқандай хабарлама жасаған жоқ.

Бұрынғы SN8, SN9 және SN10 жұлдыз кемелері 10 минуттай аспанға көтеріліп, бірнеше маневрден кейін қонуға тырысқан. Бірақ SN8 және SN9 қонатын кезде жарылып кетсе, SN10 жұлдыз кемесі жерге сәтті қонғаннан бірнеше минуттан кейін жарылған..

Tesla және SpaceX компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск осындай жұлдыз кемелермен келесі он жылдың ішінде Марсқа адамдарды жеткізетінін айтады. Оның сөзінше, 1000 жұлдыз кемесі болады және оның әрбірі 100 адам алып жүре алады. 2050 жылға дейін Қызыл ғаламшарда қала салынып, онда бір миллион адам өмір сүретін болады. 

Сынақтан өткізіліп жатқан жұлдыз кеме Марсқа ғана емес, Айға ұшатын миссияларға да қолданылмақ.

Жақында жапон миллиардері Юсаку Маезава жұлдыз кемемен Айды айналып өтуге 8 адам іздейтінін жариялады.

Илон Масктың айтуынша, жұлдыз кеме адамдарды Жершарының кез келген нүктесіне тез жеткізуге де қолданылады. Оның сөзіне сенсек, адамдар жұлдыз кемемен Нью-Йорктан Токиоға жарты сағатта жете алады. Сапардың құны коммерциялық ұшақтардағы бизнескласс пен экономкластың арасында болуы ықтимал.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір