• USD 476.71

  • EUR 467.03

  • RUB 8.36

  • CNY 67.1

02 Қазан, 09:10:04
Алматы
+3°

Бүгінгі күні бәріміз білетін KFC дәмханалары негізін қалаушы Харланд Сандерс өмірімде 1009 рет жеңіліске ұшыраған және 65 жасында ғана табысқа жетті.

Сандерс 5 жасында әкесі қайтыс болды да, оның анасы отбасының күн көрісі үшін күні бойы жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бала Сандерс те бауырларын асырауға көмектесуді ойлап, жастай жұмыс істеді. Ол 6 жасында тамақ пісіруді үйренді. 7 жасында-ақ мықты аспазға айналды. 10 жасында фермада жұмыс істеді. Екі жылдан кейін шешесі екінші рет тұрмыс құрды. Бірақ екінші күйеуі балаларды ұрып-соғатын адам болды да, Сандерс мектептегі оқуынан шығуға мәжбүр болды.

13 жасында үйінен кетіп, ата арбаларды бояйтын жұмысқа кірді. 15 жасында АҚШ армиясына кетті. 18 жасында үйленіп, отбасын құрды. Бір ұлы, екі қызы болды. Өкінішке қарай, ұлы жастай қайтыс болды. Бір күні Сандерс үйіне келгенде әйелінің кетіп қалғанын білді. Әйелінің ағасы оған қалдырған хатта "сен сияқты жұмыссыз адамға отбасы керек емес" деп жазған-ды. Осылайша оның отбасы екіге бөлінді

Сандерс өмірінің алдыңғы жартысында әр түрлі жұмыстар істеді. Ол сақтандыру қызметтерін сатты, дөңгелек сатты, фермада жұмыс істеді, қайықта жүргізуші болды, хатшы да болды, заңгер болды, істемеген жұмысы қалмады. Осылайша, Сандерс бір жұмыста тұрақтап ұзақ уақыт істей алмады. Ол үнемі жұмыстан шығарылып отырды.

Ол 40 жасқа келгенде жанар май бекетінде қуырылған тауық етін сатты. Көп өтпей, оның қуырған тауығы барған сайын танымал болып, 140 орны бар үлкен дәмханаға айналды. Кейінгі он жылда Сандерс тауық қуыруға арналған "құпия рецебін" дамытты.

Бірақ ол 65 жасқа келгенде оның асхана бизнесі банкрот болды. Нәтижесінде 65 жастағы Сандерс зейнетке шыққан және банкрот болған адамға айналды.

Алайда ол өзінің арманының орындалатынына сенуден таймады. Сандерс ешқашан күдер үзбеді. Ол өзінің қоғамдық сақтандыру қорындағы 105 долларды қолданып, Американы аралап, бизнес серіктестер іздеді. Ол Сандерстің өміріндегі ең қиын уақыттар еді. Сандерс сол кездегі екі жылда көлігінде ұйықтады және аш жүрді. Оның үстіне Сандерстің ұсынысы арт-артынан тойтарылып отырды. Бірақ ол үміт үзуді ешқашан таңдамады. Сандерстің ұсынысы 1009 рет кері қайтарылды. Ең соңында оған келісетіндер шықты.

Кейінірек Сандерстің 600 франшизасы бар KFC дәмханасы болды. Оның дәмханасы тез дамығаны соншалық, Сандерстің басқаруы қиынға соқты. 1964 жылы ол дәмхананы 2 млн долларға сатты. Дегенмен ол компанияның өкілі ретінде орнын сақтап қалды.

Сандерс 90 жасында өмірден озды.
Бүгінгі күні әлемде 20 мыңнан артық KFC дәмханалары бар және жылдық табысы 27 миллиард доллар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: KFC Сандерс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір