• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 06:32:35
Алматы
+35°

Жыл басынан бергі үш айда Алматыда 13 мыңнан астам науқас коронавирус жұқтырған. 2020 жыл 18 мың науқастан коронавирус анықталған болатын. Сондай-ақ қалада мутацияланған штамдар анықталуына байланысты Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

Өткен тәулікте 450 қала тұрғынынан вирус анықталған. Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, тұрғындар арасында инфекция өсуінің қарқыны артып, британиялық және оңтүстік африкалық коронавирус штаммдары байқалған.

Жаңа штамдардың жұқпалылығы алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда 70%-ға жоғары. Ал коронавирустың симптомсыз формаларының тіркелуі төмендеген. Бұл көрсеткіш 2020 жылы жалпы вирус жұқтырғандардың 39%-ын құраса, 2021 жылы 32%-ға дейін төмендеген.

Биылғы жылдың наурыз айының 3 аптасында коронавирус инфекциясын көп жұқтырғандардың 38%-ы 20-39 жас аралығындағы азаматтар, 27%-ы 40-59 жастағы, 20%-ы 60 жастан асқан азаматтар.

Талдау нәтижелері бойынша, наурыз айының 3 аптасында науқастардың 42 пайызы вирусты қоғамдық орындарға барғанда (сауда, қоғамдық тамақтану), 18 пайызы қоғамдық көлікпен жүргенде, 2 пайызы отбасылық жағдайларда, қалғандары өзге жағдайларда жұқтырған.

Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Алматы қаласының әкімдігі азаматтарды маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, қоғамдық орындарға барудан аулақ болуға және адам көп жиналуын болдырмауға шақырады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір