• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 03:54:32
Алматы
+35°

Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда өткен Демократиялық партия бастамашыл тобы жақтастарының Қазақстанда Қытай зауыттарының салынуына қарсы өткізген рұхсат етілген митингі аяқталды.

Митингке 400-ге жуық адам қатысты. Акция барысында тіркелмеген Демпартия жақтастарынан бөлек оппозициялық журналистер Ермұрат Бапи мен Рысбек Сәрсенбай, белсенді Гүлжан Ерғалиева сөз сөйледі,

Наразылық акциясы кезінде Қамшы тілшілері 4 адамды автозагқа салып алып кеткенін көрген. Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай бұдан бөлек тағы 6 адамды ұстағанын айтты. Демпартия белсендісі Дәурен Достияров алаңға келе жатқан белсенділердің жолда ұсталғаны туралы естіп жатқандарын хабарлады.

Фото: qamshy.kz

Митингке шыққандардың қолдарындағы плакаттарда "Қытай елшісі елші ме, жаушы ма?", "Үкімет Қазақстанды саудаға салмақ", "Қытай экспанциясына жол жоқ", "Қытай, жерімізге көз салма", "Жеріңді қорғамасаң, "жер" боласың", "Қытай экспанциясы тәуелсіздіктен айыру", "Жер сатылмайды, жалға берілмейді", "Саңырау президент керек емес", "Ұлтарақтай болса да, атақоныс жер қымбат" деп жазылған.

Митинг соңында Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай төмендегідей талаптарын қойды.

1. Қазақстанда Қытайдың 56 зауытының құрылысын жүргізуге қарсымыз;

2. Қытайдан мемлекетіміз қанша қарыз алды, не үшін алды, соны билік ашық жарияласын;

3. Қытаймен қандайда бір экономикалық шарттар қоғам талқылауынсыз қабылданбауға тиіс;

4. Қытайдан жұмысшылар келтірілмесін. Барлық жұмысты Қазақстанның азаматтары атқаруы тиіс;

5. Жер шетелдіктерге жалға берілмейді, сатылмайды деген сөзді Конституцияға енгізу керек;

6. Жер мәселесін билік тағайындаған комиссия мүшелері емес, шынайы тәуелсіз күштер қарауға тиіс;

7. Биліктен барлық саяси тұтқындарды босатып, оларды қудалауды доғаруды талап етеміз;

8. Қазақстанда саяси партиялар туралы, сайлау туралы заң қабылданып, оппозициялық ұйымдар тіркеуден өтуге тиіс!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір