• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:23:31
Алматы
+35°

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова биыл бірінші сыныпқа қабылдау электрондық форматта жүргізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

– Ата-аналардың өтініші бойынша 1-сыныпқа алты жасар және биыл 6-ға толатын балалар қабылданады. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр. Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады, – деді вице-министр.

Құжаттарды тапсыру кезінде баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, бала денсаулығы паспорты, 3х4 көлеміндегі 2 фото болуы керек.

Сондай-ақ ол мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтетінін түсіндірді.

9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсыратын болады:

  • оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
  • математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
  • өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады:

  • оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
  • алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
  • Қазақстан тарихынан тестілеу;
  • өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір