• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:39:58
Алматы
+35°

Almaty TV телеарнасы қалада мереке күндері жұмысын тоқтатпаған тағы бір мейрамхана анықталғанын хабарлады. Мониторингтік топ пен қалалық штабтың мамандары бірлесіп, көңіл көтеретін орынның ішіне 3 сағат кіре алмаған. Нысанға кіргеннен кейін ол жерде карантин талаптарын сақтамаған қонақтар жүргені белгілі болды. Олардың арасында елге танымал әншілер мен әртістер де бар. 

Ақпаратқа сәйкес, қаладағы үлкен мейрамханалардың біріндегі қызметкерлер мониторингтік топтың келгенін көрсе де, есікті ашпаған. Амалы қалмаған мамандар электриктерді шақырып, жарық жүйесін кесіп тастаған.

Оқиға Медеу ауданында болды.  Қаладағы барлық тексерушілер аяғынан тік тұрып, есікті ұзақ уақыт ашпаған мейрамхананы 3 сағат қоршауда ұстаған. Бір қарағанда мейрамхана жабық сияқты болғанымен, терезелерін жарық көрінбейтін етіп қараңғылаған.

Күтпеген жерден іштегі қонақтардың бірі есікті ашып қалған. Барлық келуші бұрыш-бұрышқа тығылғанымен, ешкім құтыла алмаған. Олардың арасында танымал әнші Қайрат Нұртас та бар.  

Әншіні көлеңкелеуге тырысқан күзетшілер тілшілерге де тап берген. Телеарнаның операторына шабуыл жасап, камераны сындыруға тырысқан.

Анықталғандай, кәсіпкерлік нысанда 200-ден астам адам болған. Барлығы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтың 425-бабы бойынша хаттама толтырылды. Келушілер мен мекеме қызметкерлеріне 87 мың көлемінде, кәсіпкерге 670 мың теңге шамасында айыппұл салынды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір