• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:14:50
Алматы
+35°

Ақтөбеде сәрсенбі күні жол апатынан 4 адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 24 наурызда Қандыағаш-Ембі-Шалқар автожолында болған. 40 жастағы LADA Priora жүргізушісі Ембі қаласынан Қандыағаш қаласына қарай келе жатқан. Қандыағаш-Ембі-Шалқар тас жолының 61-ші шақырымында ол алдындағы көлікті басып озамын деп, қарсы беттегі басқа LADA Priora-мен соқтығысқан.

Салдарынан жүргізуші мен 32 жастағы әйел, 14 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. 3 жасар қыз Ембі қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Басқа көліктің жүргізушісі мен 6 жолаушысы Ембі қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды, солардың арасындағы 51 жастағы жолаушы есін жимастан қайтыс болды.

Аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Police AKTOBE (@policeaktobe)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір