• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:42:43
Алматы
+35°

Алматы облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Оқиға  24 наурыз сағат 14:00-де Қапшағай-Бақанас жолында болған. Toyota Land Crusier көлігінің 58 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Toyota Mark II-мен соқтығысқан.

"Салдарынан 3 жолаушы мен Toyota Land Cruiser-дің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал Toyota Mark II жүргізушісі мен Toyota Land Cruiser жолаушысы Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді" делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Аталған іс қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу)  бойынша тіркелді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Almaty | KZ | Telegram (@kris_p_almaty)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір