• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:40:13
Алматы
+35°
Tesla және SpaceX компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск бөгде ғаламшарлықтар туралы қызықты ойларын айтумен танымал. Бұл жолы ол өзінің Twitter парақшасында бөгде ғаламшарлықтар туралы график жариялады. 
 
Маск жариялаған графиктың жоғары жағына "бөгде ғаламшарлықтарға қарсы ең мықты аргумент" деп жазды. Жарияланған графикке  сәйкес, жыл сайын бейнекамералардың сапасы жоғарылап келеді. Ал уақыт өткен сайын беймәлім ұшпалы нысандар суретінің сапасы жақсармай, бір орында қалған. График арқылы Маск белгісіз ұшқыш нысандардың суреттеріне күмән келтіретінін жеткізген. 

Бұл хабарламаға 400 мыңнан астам лайк басылып, 12 мыңнан астам пікір қалдырылған.

Twitter қолданушының бірі "Бөгде ғаламшарлықтар твитті дәл осылай жазады" десе, тағы бір қолданушы бұған дейін Масктың өзін әлеуметтік желіде бөгде ғаламшарлық деп атағанын жазды.

Миллиардердің ойын құптағандар да, қарсы болғандар да, тіпті мазақтаған пікірлер де болды.

Илон Маск бұған дейін Мысыр пирамидаларын бөгде ғаламшарлықтар салғаны туралы пікір айтқан.

"Бөгде ғаламшарлықтардың Мысыр пирамидаларын салғаны анық" деп жазды ол өткен жылы жазда өзінің Twitter парақшасында.

Кейін Мысырдың халықаралық ынтымақтастық министрі Рания әл-Машат Маскты еліне шақырды.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі сұхбатта Илон Маск бөгде ғаламшарлықтар адамзатты бақылап отырған болуы мүмкіндігін мәлімдеген

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір