• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:13:48
Алматы
+35°

Осы жылдың басында Tesla 1,5 миллиард долларға биткойн сатып алған. Ал қазір компания биткойнды бүкіл АҚШ-та төлем әдісі ретінде ұсынып жатыр. Компания басшысы Илон Маск АҚШ-тан сырт елдерде тұратын адамдар да "осы жылдың соңына таман" криптовалютамен төлем жасап, көлік ала алатынын айтты.

Маск бұл жаңалықты твиттерде растап, Tesla-ға төлемдер "биткойн ретінде болатынын" айтты.

Ол өзінің твиттерінде "Енді Tesla-ны биткойнмен сатып алуға болады" деп мәлімдеді.

Масктың сөзінше, Tesla тек "ішкі" және "ашық"  бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады және криптовалюта қозғалысын тікелей басқарады.

"Tesla-ға төленген биткоин фиат валютасына ауыстырылмай, биткойн ретінде сақталады" деп қосты Маск.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск Tesla

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір