• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:05:29
+35°

АҚШ сенаторы Америкада капитиализм миллиардерлер мен қарапайым халық арасында орасан зор теңіздік тудырғанын айтып, АҚШ-тағы ең бай екі адам Джефф Безос пен Илон Маскты сынады. Сенатор байларға салынатын салықты көбейтуге шақырды.

"Біз Америка тарихында екі жігіт, Илон Маск пен Джефф Безос осы елдегі адамдар байлығының 40%-ынан көп дәулетке ие болатын кезде өмір сүріп жатырмыз" деді сенатор Берни Сандерс Twitter-де.

Вермонт сенаторы "Ашкөздік пен теңсіздіктің бұл деңгейі тек азғындық қана емес, тіпті бұл тұрақсыз" деп қосты.

Ал, Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск сенатор Берни Сандерстің үлкен байлық туралы айтқан сынына жауап беріп, өз ақшасын адамзатқа көмектесу үшін жұмсайтынын мәлімдеді.

"Мен тіршілікті көп ғаламшарлы етуге көмектесу үшін ресурстарды жинап жатырмын" деді Маск Twitter-де. 

Ал Джефф Безос әзірге ешқандай жауап бермеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір