• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

22 Қазан, 02:20:45
Алматы
+5°

Фото Дүрәлі Дүйсебайдың facebook парақшасынан алынды

Қазақ журналисі Дүрәлі Дүйсебай қайтыс болды. Бұл туралы журналист Қуат Әуесбай facebook парақшасында хабарлады.

"Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай ағамыз өмірден озды деген қаралы хабар естідік... Дүрағамен "Халық сөзі" газетінде бірге қызметтес болдық, аңқылдаған, ақкөңіл, жан баласына қылдай қиянаты жоқ азамат еді... Қайран, Дүр-ағам-ай! Туған-туыс, достарына, әріптес баршаңызға қайғыға ортақтаса көңіл айтамын! – деп жазды Қуат Әуесбай.

Дүрәлі Дүйсебай 1954 жылы Түлкібас өңірінде туған. Мектепті 1971 жылы тәмамдап, ҚазМУ-дың журналистика факультетіне оқуға түскен.

1981 жылы "Лениншіл жас" газетіне жұмысқа орналасып, 16 жыл жұмыс істеген.

1996 жылы ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің жаңадан ашылған "Қылмыс пен жаза" газетінде бас редактор қызметін атқарған.

Кейіннен әскери қызметте болып, зейнетке шыққан соң "Халық сөзі", "Sport" газеттерінде жұмыс істеген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір