• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:29:15
Алматы
+35°

Түркияның Стамбул қаласында бокстан өткен "Босфор" халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын медаль бар, деп хабарлады sports.kz сайты.

Сайт мәліметінше, Қазақстанның ерлер құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медальға, ал әйелдер құрамасы 1 күміс, 3 қола медальға қол жеткізген.

Дархан Дүйсебай (69 кг) және Абзал Құттыбеков (91 кг) чемпион атанды. Сағындық Тоғамбай (91 кг –  финалда ол Құттыбековпен жұдырықтасты) күміс медаль жеңіп алды. Турнирдің қола жүлдесін Дамир Әбдіқадыр (52 кг), Болат Ерсұлтан (63 кг), Аятулла Такижанов (75 кг) алды.

Әйелдер арасында Валентина Халзова (75 кг) күміс медальға, ал Ангелина Лукас (51 кг), Владислав Кухта (57 кг) және Римма Волосенко (60 кг) қола медальға қол жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір