• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:16:46
Алматы
+35°

Биыл білім және ғылым министрлігі ҚазҰУ-ге тиесілі жер телімінің сатылуына байланысты пікір білдірді. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетовтың "Ақ жол" фракциясы депутаттарының сауалына берген жауабында  айтылған.

– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жер телімін түзетуге қатысты пост жариялағаннан кейін, тез арада министрліктің жұмыс тобы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, баяндалған барлық фактілерді тексеруді бастады. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша ҚазҰУ жер учаскесінің 0,779 гектарға азаю фактісі расталды. Осыған байланысты, жер учаскелерін басқару бөлігінде ҚазҰУ қызметін толыққанды зерттеу мақсатында министрлік кешенді тексеру жүргізуді көздеді. Алайда ағымдағы жылғы наурызда республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚазҰУ-ға аудит бастауына байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеріс жүргізу мүмкін емес, – деді Аймағамбетов.

Министр сондай-ақ биыл 8 жоғары оқу орнына тиесілі активтер тексерілетінін айтты.

"2020 жылғы желтоқсаннан бастап, жоғары оқу орындарының коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға қайта ұйымдастырылуының аясында министрлік ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарымен бірлесіп, олардың есебін ретке келтіру, жер кодексінің талаптарына сәйкес келтіру, жоғары оқу орындарының жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтерді мемлекеттік органдардың деректерімен біріздендіру мақсатында жер учаскелерін қоса алғанда, барлық жылжымайтын мүлік объектілерін түгендеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар биыл министрлік 8 жоғары оқу орнының қызметін тексеруді жоспарлап отыр. Оның барысында олардың активтерінің жай-күйі тексерілетін болады" деді ол.

Аймағамбетовтің айтуынша, министрлік мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органда келісудегі жылжымайтын мүлікті, оның ішінде жер учаскелерін иеліктен шығару мәселелерін директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызу бөлігінде жоғары оқу орындары жарғыларына өзгерістер енгізу мәселесін пысықтады. Бұл бақылауды күшейтуге және жоғары оқу орындарының активтерін қандай да бір иеліктен шығарудың алдын алуға мүмкіндік береді.

"Жоғары оқу орындарының директорлар кеңестері корпоративтік шешімдер қабылдау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін құрылғанын атап өткен жөн. Директорлар кеңесінің құрамына парламент депутаттары, білім беру саласының көрнекті қайраткерлері және тәуелсіз сарапшылар енгізілген. Осы мақсатта конкурстық рәсімдер өткізу арқылы жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындаудың ашық жүйесі енгізілді. Жалпы жоғары оқу орындары қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мәселелері министрліктің тұрақты бақылауында" делінген министрдің депутаттарға берген жауабында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір