• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:46:13
Алматы
+35°

Фото: Мәдениет және спорт министрігінің ресми сайты

Алматыда жазушы, аудармашы Герольд Бельгерге ескерткіш қойылды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрігінің ресми сайты.

Ескерткіш авторы – мүсінші Нұрлан Дамбай. Қаржылық шығынды кәсіпкер Нұрлан Смағұловқ көтерген.

Ескерткіш Жамбыл мен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы аллеяға қойылды.

Герольд Бельгер 1934 жылы 28 қазанда Ресейдің Саратов облысы, Энгельс қаласында туған. 1941 жылы Сталиннің жарлығымен КСРО-дағы барлық немістермен бірге СҚО-ның Ысқақ Ыбыраев ауылына жер аударылды. Солтүстік Қазақстан облысы Шалақын ауылында қазақ орта мектебінде оқыды. Неміс, орыс, қазақ тілдерінде жазған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1958).

«Ауыл шетіндегі үй» (1973), «Даладағы шағалалар» (1976), «Алты асу» (1977), «Тас өткел» (1988, орыс, қазақ, неміс тілдерінде), «Бауырластықтың жанды бейнесі» (1981), «Созвучие» (1982), «Уақытпен бетпебет» (1985, неміс тілінде), «Мотивы трех струн» (1986), «Гете и Абай» (1989), «Родство» (1991), «Земные избранники» (1995) атты зерттеу еңбектері шыққан.

Б.Майлин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, т.б. қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақшадан орыс тіліне, А.Раймген, Э.Кончак, Н.Ваккер, т.б. неміс жазушыларының жекелеген туындыларын неміс тілінен орысшаға аударды. Жиырмадай жинақтың құрастырушысы және жекелеген әңгіме, мақалалары енген 25-тей жинағы бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Герольд Бельгер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір