• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:12:51
Алматы
+35°

"АҚШ президенті Джо Байден Владимир Путинді киллер деп санайтынын мәлімдеген соң, Ресей өзінің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антоновты кері шақырды" деп жазды британиялық The Independent басылымы.

Соңғы кездері Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қайшылық күшейіп келеді. Вашингтон 2020 жылғы АҚШ президент сайлауына Мәскеудің араласқаны туралы күдікті құпия ақпараттар бар екенін хабарлаған.

Сонымен қатар, Вашингтон Ресей оппозиционері Алексей Навальныйдың улануына Путинді айыптайды.

Сейсенбі күні Джо Байден Владимир Путинді "киллер" деп атағанынан кейін екі елдің арасындағы шиеленіс тіпті де күшейе түскені байқалды. 

The Independent басылымы соңғы оқиғадан кейін Ресей Америкадағы елшісін "кеңес алу үшін" кері шақырды деп хабарлады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Байден Путин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір