• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:25:43
Алматы
+35°

Семейде мәдени-спорт кешеніне "Елбасы Арена" атауын беру ұсынылды, деп хабарлады altaynews.kz сайты.

Сайт мәліметінше, Семей қаласының мәслихатында Қазақстанның атақты спортшылары мен еңбек сіңірген қайраткерлерінен, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінен, ардагерлер, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінен, еріктілер қозғалысының белсенділерінен, жастардан, сондай-ақ ірі кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы құрылымдары жетекшілерінен құралған топтың хаты қаралған.

Хатта Қарағайлы жаңа тұрғын ауданындағы атаусыз көшеге Нұрсұлтан Назарбаев атын беру туралы айтылған. Сонымен қатар мәдени-спорт кешенге "Елбасы Арена" деп атау ұсынылды.

"Бұл бастама Назарбаевтың елдің қалыптасуындағы рөлін ескеріп, сондай-ақ тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай көтеріліп отыр" делінген жазбада.

Мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына шығарылды. Онлайн және оффлайн форматта өткізіліп, оған 10 мыңнан астам адам қатысқан.

Отырыс барысында қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, спорт қауымдастығының өкілдері сөз сөйлеген.

Нәтижесінде сөз сөйлеушілердің пікірлерін назарға ала отырып, депутаттар бірауыздан дауыс беріп, бұл мәселені қалалық мәслихат сессиясында талқылауды ұсынды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Семей Назарбаев атау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір