• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:21:27
Алматы
+35°

Қаңтар-ақпан айлары аралығында қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушыдан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 64 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Биыл 1 наурыздағы мәлімет бойынша, мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны – 520,8 мың адам. Ал асыраушысынан айырылғандардың саны 167,2 мың адамға жеткен.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылы қаңтар-ақпан айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 51 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына 13,5 млрд теңге төленген.

Сондай-ақ ақпанда республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 25,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылғандарға 6,8 млрд теңге бөлінген.

"Мүгедектік және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады" делінген министрлік хабарламасында.

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 211 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 976 теңгені құраған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір