• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:52:19
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде 76 188 азаматқа вакцина егілгенін хабарлады. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

– Бүгінгі күні вакцинация жүргізу үшін 347 егу пункті жұмылдырылды, 76 188 азамат егілді. Наурыз айының соңына дейін сәуір айынан бастап жеткізілім көлемінің едәуір артуымен 180 000 доза вакцина жеткізіледі деп күтілуде.

Оптимистік сценарий бойынша сәуір айында тәулігіне 500 науқасқа дейін тіркеледі деп болжануда. Ал пессимистік сценарий кезінде тәулігіне 1700-ге дейін баруы мүмкін, – деді министр. 

Сондай-ақ ол сәуір айынан бастап халықтың осал топтарын (созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан адамдар және халықтың басқа да топтары) вакцинациялауды бастау жоспарланып отырғанын екенін атап өтті. 

– Келіп түсетін вакцина көлемінің ай сайын ұлғаюын ескере отырып, аумақ әкімдері вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттарын сақтай отырып, қосымша егу кабинеттерін әзірлеуді, тиісті халықты вакцинациялауды жүргізуді кеңейту үшін даярланған мамандармен қамтамасыз етуі қажет.

Қазақстанда вакцина өндірушілермен жүргізілген келіссөздерді ескере отырып, биыл вакцинаны жеткізуді ескере отырып, шамамен 12 млн доза вакцина алу жоспарлануда, – деді Алексей Цой.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір