• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

22 Қаңтар, 21:34:03
Алматы
-5°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда сайты.

"Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасып, стратегиялық маңызы зор өңірдегі қауіпсіздікті, тұрақтылықты және өркендеуді қамтамасыз ету мақсатында ауқымды әрі жемісті ынтымақтастыққа екі тараптың да мүдделі екенін нақтылады.

Екі елдің үкіметтері өзара сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін шешу бойынша келісілген жұмыстарды жалғастыра береді" делінген хабарламада.

Тоқаев Алматы әуежайы маңында болған әуе апатынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтқаны үшін Өзбекстан басшысына ризашылығын білдірді.

Екі елдің президенттері бір-бірін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарына бақ-береке тіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір