• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:48:06
Алматы
+35°

2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде айтты.

– Мемлекет басшысының берген тапсырмасының шеңберінде, 2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады. Оның барлығы мектептерді кадрлармен толық жабдықтауға мүмкіндік береді, – деді министр.

Сондай-ақ Аймағамбетов алдыңғы жылы педагог мамандарды даярлауда мемлекеттік гранттың көлемі 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылғанын жеткізді.

– Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беруде кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемінің жыл сайын өсуі байқалады. Өздеріңіз білетіндей, осының алдында мемлекеттік гранттың құны 340-440 мың теңге болған. Алдыңғы жылы мемлекет басшының қолдауының арқасында осы мемлекеттік гранттың көлемін 1 млн теңгеге дейін ұлғайттық. Бұл өз кезегінде университеттерге материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға және педагогтардың, оқытушылардың жалақысын көтеруге мүмкіндік берді. 2019 жылы қыркүйекте министрлікке қарасты университеттер педагогтерінің жалақасын 20 пайызға көтерсе, 2020 жылы қыркүйек айында тағы да 20 пайызға көтерді. Әлі де бұл жұмысты жалғастыруымыз керек, – деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бүгінгі күні жоғары оқу орындары педагогтерінің жалақысы өте төмен.

– Мектептермен және колледждермен салыстырған күннің өзінде бұл көрсеткіш бәсекеге қабілетті емес. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыру – барлық ректордың алдында тұрған негізгі парызының бірі, – деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір