• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Ақпан, 02:12:36
Алматы
-2°

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында болған ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты.

– Алматы қаласының әуежайында ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдадым.

Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, қаза тапқан әскерилердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін, – делінген жеделхатта.

Бүгін ҰҚК Шекара әскерлеріне тиесілі АН-26 ұшағы Алматы қаласы әуежайының жанындағы Қызыл Ту кентінің маңында апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты. 2 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің жағдайлары өте ауыр.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір