• USD 475.51

  • EUR 464.15

  • RUB 8.2

  • CNY 66.85

04 Қазан, 15:59:40
Алматы
+19°

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі  Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған АН-26 әскери ұшағындағы адамдардың жағдайы туралы хабарлады.

"Жағдайлары өте ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күшті салуда. Барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды" делінген ресми сайт таратқан хабарламада. 

Апаттан 4 адам қайтыс болып,  2 адам зардап шеккен. Жарақат алғандардың бірі 1987 жылғы, оның сол жақ саны сынып, жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Ал екінші адам – 1996 жылғы. Ол ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен Алматы қалалық 4 ҚКБ жансақтау бөлімінде жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы ұшақ апат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір