• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:50:41
Алматы
+35°

Павлодарда дүкенді тонаған 22 жастағы күдікті жергілікті полиция бөлімінің қызметкері болып шықты. Бұл туралы ratel.kz сайты хабарлады.

5 наурызда Instagram-да ер адам қару кезеніп, әйел адамнан кассадағы ақшаны беруді талап етіп тұрған видео тараған. Артынша оқиға Павлодарға жақын ауылдардағы дүкендердің бірінде 1 наурызда болғаны анықталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ауылдағы дүкендердің біріндегі сатушыны зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытып, 120 мың теңге алып кеткен.

Қазіргі уақытта Павлодар облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталып, қылмыстық кодекстің 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаменті күдікті полицей болып жұмыс істейтінін хабарлады. Ол дүкендерді тонауға қызметтік көлігімен барған. Сондай-ақ ол шабуылдаған "Керемет" дүкені ауыл әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан.

Тергеу ақпаратына сәйкес, күдікті ойын автоматына ұтылып, ақша іздеген.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі іс бойынша сараптама әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Павлодар (@pavlodar.times)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір