• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қазан, 23:10:17
Алматы
+9°

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

2021 жылғы 10 наурызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ұсталған топтың 16 қатысушысына адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шегінен тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау айыптары тағылып отыр. Қылмыстық топтың құрамына құқық қорғау органдарының әрекеттегі және бұрынғы қызметкерлері кірген" делінген ақпараттық хабарламада. 

Ұстау барысында күдіктілердің қылмыстарын растайтын ірі сомадағы ақшалай қаражат, материалдық құндылықтар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылған. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір