11 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша ай сайын 17 мың теңге ақы төленетінін айтты.
– Бес жылдың ішінде барлық мектепте спортпен айналысуға жағдай жасалады. Сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдеріне секциялар мен үйірмелер өткізгені үшін қосымша ай сайын 17 мың теңге ақы төленеді, – деді Аймағамбетов.
Министр математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық берілетінін атап өтті.
– Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін алғаш рет үлгілік оқу бағдарламаларын сараптаудан және апробациядан өткізіп, оқулықтарды дайындау, сараптау мен басып шығарудың жаңа үлгісі енгізіледі, – деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір