• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:35:06
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаты Александр Милютин премьер-министр Асқар Маминге зейнет жасын қайта қарау жөнінде депутаттық сауал жолдады.

Мәжілісмен депутаттар тобы сұранысты қайта жіберіп отырғанын айтты. Өйткені депутаттар берілген жауапқа қанағаттанбағанын атап өтті. Ол премьер-министрден Қазақстан 1998 жылы шыққан ынтымақтастық зейнет жүйесін қайтару мәселесін талқылауды сұрады.

– Сіздің жауабыңызда еңбек жағдайларының күрделілігіне байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарау туралы біздің ұсынысымыз назардан тыс қалды. Зейнетке ерте шығу мәселесін тек құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ғана емес, кеншілерге, металлургтерге, өнер адамдарына (балериналарға) да қарастыру керек, – деді Милютин.

Сондай-ақ мәжілісмен азық-түлік бағасының өсуіне байланысты зейнетақыны да өсіру керек екенін айтты.

– Зейнетақы әлеуметтік маңызы бар тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуыға жеткілікті болуы керек. Тауар мен қызмет бағасының өсуіне байланысты зейнетақы да өсуі керек, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір