• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:35:27
Алматы
+35°

Қарағанды облысының Шет ауданында болған жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлады Astanatv.kz арнасы.

Қайғылы оқиға Ақсу-Аюлы ауылының тұсынан өтетін "Алматы-Екатеринбург" тас жолының бойында болған. "ГАЗель" мен автобус соғылған. Жолаушылар көлігі Нұр-Сұлтаннан Таразға бет алған.

Жол сақшыларының айтуынша, жүк көлігінің  жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, автобусқа соқтығысқан. Салдарынан үш адам қаза болды. Қалааралық бағыттағы автобустың жолаушылары аман.

Қазір аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір