• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:20:26
Алматы
+35°

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұратпен бірлесіп «Алматы-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметінің мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Алматыда бұл жоба екі жылдан астам уақыттан бері жүзеге асырылып келеді. Басты мақсат - сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру, адамгершілік қағидаттарын белсенді дәріптеу.

Алматы қаласы баспасөз қызметі

Кеңес барысында жүргізілген жұмыс қорытындылары қаралып, ағымдағы жылға нақты бағыттар белгіленді. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне белсенді қарсы іс-қимылмен қатар, адалдық пен жауапкершілікті, мемлекеттік қызмет пен жалпы қоғамда парасаттылық қағидаттарын насихаттауға баса назар аударылады.

Алматы қаласының барлық аудандарында аумақтық филиалдар ашылды. «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы келісім» 34 қатысушымен (мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар) жасалды.

Алматы қаласы баспасөз қызметі

Маңызды жобалар арасында:
- Е-ПИК – Алматы қаласында 836 ПИК-нен 694 ПИК (83 %) электрондық-цифрлық форматта жұмыс істейді. МИБ-тегі трансформацияға байланысты өзара іс-қимылдың жаңа жүйесі пысықталуда;
- «Адал Жол» - Алматы метрополитені жолаушыларының «Алмалы» және «Абай» станцияларында кедергісіз өзіне-өзі қызмет көрсетуі - 1,5 жыл ішінде жол жүру талаптарын бұзу деңгейі шамамен 0,04% - ды құрады%;
- «Адал Бол» - супермаркеттерде тауарларды сатушының қатысуынсыз сатудың жаңа цифрлық тәсілі -1,5 жыл ішінде сатып алушылардан 36 мыңға жуық оң пікір түсті;
- «Акселератор Добра: Izgilik elshisi» - . Алматының 1,9 мың еріктісі халыққа түрлі әлеуметтік қолдау көрсетті;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат: жаңа стиль» - 1,5 жыл ішінде еңбек және оқу ұжымдарында 2560 адамды тікелей қамти отырып, құқықтық сауаттылық және тұрмыстық саладағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен қатерлері туралы уақтылы хабардар ету бойынша 69 кездесу өткізілді;
- Алматы қаласындағы түрлі нысандарды бюджеттік қаржыландыру бойынша «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» - Алматы қаласының ұйымдары 857,7 млрд теңге сомаға өз бюджеттерін publicbudget.kz порталында ашық қолжетімділікте орналастырды.
«Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Александр Братенков Transparency Kazakhstan ҚҚ әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша Алматыдағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау жағдайы мен деңгейі айтарлықтай төмендегенін хабарлады. Жалпы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар деңгейінің төмендеуінің, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділігінің артуының оң серпіні атап өтілді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудегі жаңа тәсілдердің нәтижесі болды.

«Қалада ашықтық үрдісі байқалады. Алматы сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша «қызыл аймақтан» шықты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары бағасы «Алматы – адалдық алаңы» жобасының жақсы әлеуетке ие екендігін білдіреді. Алматыда жұмыс дұрыс бағытта жүріп жатыр», - деді Александр Братенков.

Бұдан басқа, пандемияны ескере отырып, «Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мониторингтік топтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің өкілдерімен, сондай-ақ азаматтық белсенділерді тарта отырып, дәріханаларда карантиндік шаралардың сақталуы бойынша тексерулер, медициналық персоналдың, пациенттердің және келушілердің карантиндік шараларды сақтауы тұрғысынан медициналық мекемелердің мониторингі, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұйымдастыру жүргізілді.

Жиын барысында әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Александр Братенковқа алғыс айтып, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың атынан алғыс хат табыстап, жаңа қызметіне табыс тіледі.
Кеңеске қатысушыларға «Алматы – адалдық алаңы» жобасының жаңа басшысы - Айнұр Сәбитова, «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» еріктілер қозғалысының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі ұсынылды.

«Алматы – адалдық алаңы» жобасының кураторы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жобалық кеңсенің 2021 жылға арналған міндеттерін белгілеп, қалалық басқармалар басшылығы мен аудан әкімдіктеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Анықтама: Алматыда консультативтік-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде, «жедел желі» жұмыс істейді (8 708 983 1424, 8 727 983 1424).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір