• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:29:04
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылды" делінген ресми сайт таратқан хабарламада.

Бақытжан Алпысұлы 2020 жылы Сарысу ауданының әкімі болып тағайындалған болатын. 

Еске сала кетейік,  19 ақпанда Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт болған. Пәтер ішінде ата-ананың қарауынсыз кәмелет жасына толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған 5 бала қалған.

Өрт болған уақытта үйдің отағасы жұмыста болғаны, ал анасы дүкенге шығып кеткені хабарланды. Түтінге уланған балалар жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, араға біраз уақыт салып көз жұмған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл Сарысу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір