• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:18:11
Алматы
+35°
 
Түркістан облысының полиция департаменті Түркістан қаласындағы орталық көшелер мен ғимараттардың қабырғаларынан есірткі сатуға қатысты сайттарды жарнамалайтын 40-қа жуық граффити-жазуды өшірген, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Мониторинг барысында, "Telegram"да осыған ұқсас жұмыс істеген интернет-сайттар анықталып, жоылған.

Тркістан облысының полицейлері заңсыздықтар анықталған жағдайда, аталмыш сайттар жойылып, сайттар мен жазуларды жасауға қатысы бар тұлғалар ұсталып, жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Синтетикалық есірткілердің жарнамасын жасау, жазбалар қалдыру, ғаламтор арқылы тарату әрекеттері үшін қылмыстық кодекстің 299-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру) бойынша жауапкершілік қарастырылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: есіркіге қарсы күрес

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір