Әлихан Бөкейхан – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жазды.

– Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті, – деп жазды Тоқаев.

Бүгін – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыстың төрағасы, Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туған күні. Ол 1866 жылы 5 наурызда бұрынғы Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала өлкесінде дүниеге келген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір