• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:53:48
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитінеде туризм саласының әлеуетін арттыру мәселесіне тоқталды.

– Қазақстан  туристік саланың үлесін 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 8 пайызына дейін жеткізуді көздеп отыр. Біз Орталық Азия елдері мен күллі түркі әлемі үшін қасиетті саналатын Түркістан қаласын белсенді дамытып жатырмыз. Тек 2020 жылдың өзінде қаланың инфрақұрылымына, Түркістанның туризмі мен логистикасына құйылған ішкі инвестиция шамамен 1 миллиард долларды құрады. Түркістан Қазақстанның ТОП-10 туристік бағытына кірді. Бұл сіздердің елдеріңіздің инвесторлары мен туристері үшін тартымды өңір болмақ, – деді Тоқаев.

Президент денсаулық сақтау саласы да Қазақстанға келетін шетелдік инвестицияға "тартылыс орталығы" бола алатынын атап өтті. 

Бәсекеге қабілетті тарифтер, жоғары білікті жұмыс күші және мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің басқа да көптеген мүмкіндіктері арқылы елге түрік компаниялары тартылды. Олар Қазақстанда жаңа ауруханалардың құрылысына және оларды жоғары технологиялы медициналық құралдармен жабдықтауға атсалысуда.

– Түркияның Rönesans Holding компаниясы Қазақстанның жеті қаласында өз емханаларының құрылысын бастамақшы. Сондай-ақ біз Қазақ ұлттық онкология және радиология институтымен бірлесе отырып, биыл Алматы қаласында Томотерапия орталығын іске қосуды жоспарлап отырған Orhun Medical компаниясының жұмысына сәттілік тілейміз. Түрік компанияларымен ынтымақтастық жалғаса беретініне сенімдімін. Сонымен қатар біз Қазақстанның денсаулық сақтау саласына инвестиция құю үшін басқа да қатысушы-мемлекеттердегі серіктестерімізді шақыруға ниеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір