• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:10:27
Алматы
+35°

Өскемен қаласындағы "Арман" балабақшасында тәрбиеші балаларға қол көтергені видеоға түсіп қалған. Аталған дерек бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшысы мен тәрбиешісі еңбек кодексінің 52-бабы бойынша жұмыстан қуылып, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады Noks.kz сайты.

Тәрбиешінің балаларды сабайтыны кездейсоқ анықталған. Балалар біртіндеп балабақшаға барудан бас тартып, іс-әрекеттері өзгергенін байқаған ата-аналар бір нәрседен күдіктеніп, бейнебақылау камерасын қараған.

Видеодан балабақша қызметкері баланы жұлқылап, еденге құлатқаны, жылаған бала қашуға әрекеттенгені көрінеді.

Мектепке дейінгі мекемеде болып жатқан жағдайға жаға ұстаған ата-аналар тиісті орындарға шағымданған.

Қазіргі таңда шағым бойынша қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-тармағына (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.  


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір