• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:00:39
Алматы
+35°

Фото: Ашық дереккөз

Илон Масктың SpaceX компаниясы "Starship" деп аталатын үшінші жұлдызкемесін ұшырды және сәтті қондырды.  Дегенмен қонғаннан соң тағы да жарылыс болды.

Жұлдызкеменің "SN10" деп аталатын прототипы Техас штатындағы Бока-Чика ұшыру алаңында сыналды. Бұрынғы сынақтарда жарылып кеткен екі жұлдызкемеге салыстырғанда, "SN10" нұсқасы биікке көтерілу және қону барысын сәтті орындады.

Дегенмен жерге қонғаннан кейін оның айналасында өрт пайда болды және сегіз минуттан соң "SN10" қону алаңында жарылып кетті.

Осыған қарамастан, SpaceX компаниясы прототиптің ұшу кезінде маневрлерді сәтті жүзеге асырып, ақылға қонымды жұмсақ қонуға қол жеткізгенін жариялады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск жұлдызкеме

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір