• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:22:46
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар мен құралдар" атты конференцияға қатысушыларға бейнеүндеу жолдады.

– Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Осыған орай, нақты шаралар қолға алынды. Қазір басшылық қызметтегі әйелдердің қатары көбейіп келеді. Парламентте сіздер үшін арнайы квота берілді.

Сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларыңызды қолдау үшін бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Соның арқасында еліміздегі шағын және орта бизнес саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі 43 пайыздан асты. Жеке кәсіпкерлердің тең жартысынан көбі – өздеріңіз сияқты қыз-келіншектер. Біз еліміздің дамуына белсене атсалысып жүрген осындай іскер аруларымызға жан-жақты қолдау көрсетеміз. Таяуда әйелдер кәсіпкерлігін жандандыру мақсатымен еліміз бойынша 17 орталық ашылды. Осы орталықтар сіздердің бизнестегі жаңа идеяларыңызды іске асыру үшін жұмыс жүргізетін болады. Оның барлығы әйелдердің ел экономикасындағы рөлін арттыруға тың серпін береді деп сенемін. 

Біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – әйелдерге ұдайы қолдау көрсету, олардың дамуына жан-жақты жағдай жасау. Осы орайда, Елбасының бастамасымен қабылданған 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының мәні ерекше. Бұл маңызды құжат осы бағыттағы жұмысымызға айрықша серпін беріп отыр. Бүгінгі таңда жеке кәсібін дөңгелетіп, табысқа жеткен аруларымыз аз емес. Шағын және орта бизнесті меңгерген қыз-келіншектер де көп, – деді Тоқаев.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір