• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:07:09
Алматы
+35°

Мәжілісте 1 жасқа дейін бала күтіміне байланысты ай сайын төленетін жердемақы мөлшерін көбейту және ақылы декретік демалысты 2 жылға дейін созу бастамасы көтерілді.

Қазақстан халық партиясының депутаттары жұмыс істемеген әйелдерге 1 жасқа дейін төленетін жәрдемақы мөлшері тым төмен деп санайды. Қазақстанда бала күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақы 5,76 АЕК (алғашқы бала үшін – 16 801,92 теңге) пен 8,90 АЕК (төрт жіне одан да көп бала үшін – 25 962 тенге) аралығында.

Бір баланың ай сайынғы күтіміне бюджеттен бөлінетін қаражат түрмеде отырған адамға бөлінетін ақшадан 5 есе аз екенін айтқан депутаттар бала күтіміне берілетін жәрдемақы тек 1 жасқа толғанға дейін ғана берілетінін, жүктілік бойынша берілетін әлеуметтік төлем тек жұмыс істеген әйелдерге ғана төленетінін қайта қарау керектігін айтты.

Бала күтімі үшін төленетін жәрдемақыны төменгі күнкөріс деңгейіне (34 302 теңге) дейін жоғарылатуды, баланы мектепке дейінгі мекемеге беруде 2 жас ыңғайлы екенін айтып, ақылы декреттік демалыс уақытын 2 жылға созуды, балаларға арналған арнайы тұтыну себетін әзірлеуді ұсынып, премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдады.

 

    

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір