• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қараша, 05:59:27
Алматы
-5°

Жапон миллиардері Юсаку Маезава Илон Масктың SpaceX рейсімен Айды айналып өтуге 8 адам іздейтінін жариялады.

"Мен әртүрлі тектегі адамдардың қосылуын қалаймын" деді ол Твиттер парақшасында. Маезава сонымен қатар қосымша мәліметтер сілтемесін бөлісті.

Ол бүкіл шығынды төлейтінін, сондықтан бортқа келгендер ақысыз ұшатынын айтты.

"DearMoon" деп аталатын миссия 2023 жылы ғарышқа аттанады деп жоспарланған.

Өтініш берушілер екі критерийге сай болуы керек: олар "басқа адамдарға және қоғамға қандай-да бір жолмен көмектесу" үшін "қандай да бір қызметті" дамытуға үлес қосуы керек және "басқа экипаж мүшелерін қолдауға дайын болуға тиіс" деді Маезава.

"Мен барлық орындарды сатып алдым, сондықтан бұл жеке сапар болады" деп қосты ол.

Сән саласының магнаты және өнер туындыларын жинаушы Маезава бұдан бұрын "Starship" зымыранымен саяхатқа өнер адамдарын шақыруды жоспарлап отырғанын айтқан.

"Айға баратын тегін билетке ие болыңыз!! Экипажға 8 адам керек. Бүгін жазылыңыз!" деп жазылған миллиардердің Твиттер парақшасында. Сапарға үміткер болғыңыз келсе, сілтемеге өтіп, тіркелуге болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір