• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:16:17
Алматы
+35°

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен алқа жиынында 2020-2025 жылдары қалада денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың қорытындылары, сонымен қатар жалпы өлімді, ана мен бала өлімдерін азайту, кадр тапшылығын шешу және алдағы кезеңдегі міндеттер туралы мәселелер қаралды.

Алматының медициналық ұйымдарына 2 миллионнан астам адам тіркелген, оның 28,5%-ы 18 жасқа дейінгі балалар. Медициналық қызметтерді ТМККК аясында Қоғамдық денсаулық басқармасына бағынышты 74 медициналық ұйым, 13 республикалық және 90-нан астам жеке медициналық ұйымдар көрсетеді.

Алқа жиынында аталып өткендей, денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеті медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 24 көрсеткіштер мен индикаторлардың 21-і бойынша жоспарлы мәндер іске асты.

Алматы қаласының баспасөз қызметі

Осыған орай Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2021 жылы көрсеткіштер мен индикаторларға қолжеткізу бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ жалпы өлімді азайту бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды тапсырды. Әсіресе, аналар мен сәбилер өлімінің алдын-алуға және оларды ескертуге ерекше назар аудару керек. Сонымен бірге, ана мен баланы қорғау бөлімінің, АМСК-тің, әйелдер консультациялары мен босануға көмектесетін ұйымдардың жұмыстары күшейтіледі.

Бүгінгі күні мегаполистің мемлекеттік медициналық ұйымдарында 6 мыңнан астам дәрігер мен 13 мыңға жуық орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Инфекциялық стационарлардың, көпбейінді клиникалардың және отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың қарқынды салынуы кадр тапшылығының өзекті мәселеге айналғанын көрсетуде.

Қаланың медициналық ұйымдарына шамамен 590 дәрігер – анестезиологтар, пульмонологтар, кардиологтар, невропатологтар және басқалары, сондай-ақ 300-ге жуық орта буын қызметкер қажет.

Алматы қаласының баспасөз қызметі

Таяу жылдары жаңа ауруханалар мен емханалардың ашылатынын ескере отырып, қала әкімі Б. Сағынтаев кадр тапшылығын төмендету бойынша жалпықалалық жоба қабылдауды тапсырды. Іс-шаралар жоспарында түлектерді жұмысқа орналастыру және медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру ісіне жоғары оқу орындары мен колледждерді тарту керектігі көрсетілетін болады. Ынталандыру тетіктері, оның ішінде KPI бойынша бағалау, үстемақы және әлеуметтік қамсыздандыру, жеңілдетілген қалалық бағдарламалар бойынша тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктері қарастырылған.

Алқа жиынында қаланың денсаулық сақтау жүйесін таяу арада дамытудың міндеттері айқындалды. Кездесуді қорытындылаған Алматы әкімі Б. Сағынтаев осынау игі мақсаттарды жүзеге асыруда қала тарапынан толық қолдау көрсетілетінін атап өтті, өйткені әкімдік жұмысындағы ең басты бағыт қала тұрғындарының денсаулығы болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір