• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:59:50
Алматы
+35°

Түркістан қаласында қайтыс болған бір отбасы мүшелерінің өлімі ыстан улану нәтижесінде болғаны анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарланды.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, мәйіттерге қарау жүргізу барысында денелерінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

– Ыс тиіп қайтыс болған бес адамның денесін отбасының таныстары тапты. Полицияның болжамына сәйкес, қайғылы жағдай әйел жұмыстан келген соң болған, – деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбдуғани Сейдуәлиев.

Оның айтуынша, қайтыс болғандар ұйықтап үлгерместен ыс тиіп қайтыс болуы мүмкін.

– Хабарлама 27 ақпан күні кешке сағат 18:12-де түсті. Әйелдің базарда бірге істейтін әріптесі 27-сі күні жұмысқа шықпаған соң іздеп, үйіне баласын жіберген. Баласы үйінде ешкім жоқ деп қайтып келген соң, жұмыстан кейін күйеуін жіберген. Себебі ол жұмысқа келмеген, өздерінің кездесетін жоспары болған екен. Күйеуі үйдің терезесінен іште жарық жанып тұрғанын және әйелдің жатқанын көріп хабарлаған.

Болжам бойынша, қайтыс болған жандар 26 ақпанда ұйықтап үлгермеген. Өйткені шешініп, төсекке де жатпаған. Кешкі уақытта пешті қосып, тамақтанып болған соң қайғылы жағдай болды деп болжап отырмыз, – деді ол.

Отбасы өз меншігіндегі үш бөлмелі баспанада уақытша тұрып жатқан. Оның жанында үлкен үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Өңірге газ жүргізуге жауапты "ГазТрансГазАймақ" АҚ Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры Шалқар Омарбековтың айтуынша, тұрғынүй табиғи газбен жабдықталған. Ирандық қазандық орнатылған.

Отбасы 2020 жылы техникалық шарт алуға ұсыныс берген. Сол құжаттар негізінде газ пайдалануға рұқсат берілген.

Тексеру кезінде оқиға болған жерде техникалық сипаттамалардың бұзылғаны анықталды. Маманның айтуынша, монтаж жұмыстары техникалық-орындау құжаттарына сәйкес келмейді.

– Монтаждау жұмыстарын газдандырумен айналысатын "Газ құбыры-2050" деген лицензиясы бар мердігер мекемесі жүргізген. Үйге үш газ құбыры кірген. Бірі газ плитасына, бірі "иран" пешіне бағытталған. Газ сигнализаторы жоқ, – деді Шалқар Омарбеков.

Бұған дейін Түркістан облысында жекеменшік үйден ыс тиген бес адамның денесі табылғаны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір