Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңында Демократиялық партия бастамашыл тобы мен "Басе" youtube арнасы ұйымдастырған митинг өтіп жатыр. Спорт сарайына жақын жерлерде интернет байланысы жоқ, Абай көшесінде көлік қозғалысы шектелген.

Белсенділер бұған дейін спорт сарайы алдына жиналып, ары қарай Республика алаңына дейін жүріп өтетіндерін хабарлаған. Оқиға орнында жүрген Қамшы тілшісі полиция мен арнайы жасақ наразы топты спорт сарайының алдына жібермей, Абай мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында "кеттлинг" әдісімен қоршауға алып, ұстап тұрғанын айтады.

Алаңға 30-дан астам белсенді жиналған. Ал полиция мен арнайы жасақ өкілдері белсенділерден бірнеше есеге көп. Уақыт өткен сайын, арнайы жасақ саны артып жатыр.

Қоршаудағы белсенділер дыбыс ұлғайтқышпен "жер сатылмасын", "несие амнистиясы жариялансын", "саяси тұтқындарды босатылсын" Назарбаев, кет", "Еуропарламент қарары орындалсын" деп ұрандатып жатыр.

Қамшы тілшісінің хабарлауынша, алаңда азаматтық киімдегі бірнеше адам жүр. Олардың бірі наразы топты тарауға шақырса, кейбірі "Мамай, қарабет, Мамайға сенбеңдер" деп айқайлап жүр. Өзін "көпбалалы анамын" деп таныстырған белгісіз әйелдің белсенділерді тарауға үндеген" даусы естіледі.

Оқи отырыңыздар:

♦ "ОМОН-дар қабырғамды сындырды". Митингте белсендіні жедел жәрдем алып кетті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір