• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 03:30:32
Алматы
+35°

Түркістан облысында жекеменшік үйден ыс тиген бес адамның денесі табылды, оның төртеуі кәмелеткеке толмаған. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талған Уәли мәлімдеді.

"2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18:35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне "103" қызметінен Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде көршілері 5 адамның, оның ішінде 4 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйітін тауып алғаны туралы хабарлама түсті. Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған" делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

"Оқиға орнына ТЖД (6 қызметкер, 2 дана техника), ПД (15 қызметкер және 4 дана техника), жедел медициналық көмек ауруханасы (3 қызметкер және 1 дана техника), "ҚазТрансГаз" АҚ (3 қызметкер және 1 дана техника) қызметкерлері шықты" делінген хабарламада.

Артынша, 5 адам ыс тиіп қайтыс болғаны хабарланды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір