• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:50:02
Алматы
+35°

Алматы көлік холдингі жөндеу жұмыстарына байланысты 28 ақпан күні қаланың екі аймағында қоғамдық көлік қозғалысына өзгеріс енетінін хабарлады. Белгіленіп отырған жерлерге 28 ақпанда белсенді Жанболат Мамай бастаған Демократиялық партия бастамашыл тобы мен "Бәсе" youtube арнасы, сондай-ақ шетелдегі оппозиционер Мұхтар Әблязов жетекшілік ететін Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысы митинг өткізетінін мәлімдеген.

"Жөндеу жұмыстары үшін жабылады" делінген орынның бірі Демократиялық партия бастамашыл тобы мен "Бәсе" youtube арнасы митинг орны деп жариялаған Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңы.

Алматы көлік холдингі таратқан ақпараттық хабарламада Абай даңғылы бойынша шығыс және батыс бағытта орналасқан "Орталық стадион" аялдама кешендерінде жүргізілген жөндеу жұмыстарына байланысты барлық қоғамдық көлік маршруттары үшін аялдауға тыйым салынатыны айтылады.

Осы маршрут бойынша жүретін барлық автобус бағыттары Абай даңғылы бойымен батыс бағытта "Әуезов атындағы театр", шығыс бағытта "Абай-Байтұрсынов" аялдамасында тоқтайды.

Ал Мұхтар Әблязов жақтастары жиналатын Орталық саябақ маңындағы Гоголь көшесінің Қайырбеков-Бұзырбаев көшелерінің арасында "троллейбус желілерін жөндеу жұмыстары жүретіні" себепті троллейбус және автобус маршруттарының схемалары өзгереді.

Хабарламаға сәйкес, осы жерде қатынайтын қоғамдық көлік қозғалыстарына төмендегідей өзгеріс енеді:

№25 троллейбус – Қалдаяқов – Жібек Жолы – Пушкин – Гоголь – Қалдаяқов көшелерінің солтүстік бағытында және әрі қарай бағыт бойынша;

№1, 12 троллейбустары Гоголь – Қалдаяқов – Жібек Жолы – Пушкин көшесінің шығыс бағытында және одан әрі бағыт бойынша.

№ 13 автобус – Қалдаяқов к-сі – Қазыбек би к-сі – Қайырбеков к-сі – Гоголь к-сі – одан әрі қолданыстағы сызба бойынша.

№16 автобус – Қалдаяқов к-сі – Қазыбек би к-сі – Қайырбеков к-сі – Гоголь к-сі – бұдан әрі қолданыстағы сызба бойынша;

№118 автобус – Қалдаяқов к-сі – Мақатаев к-сі (кері бағытта Коперник к-сі аялдамасындағы бұрылыс) – Қалдаяқов к-сі – бұдан әрі қолданыстағы сызба бойынша тура және кері бағытта;

Бұған дейін Демократиялық партия бастамашыл тобы мен "Бәсе" youtube арнасы азаматтарды жексенбі, 28 ақпан күні 12:00-де Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдына митингке шығуға шақырған. Талаптары – несие амнистиясын жариялау, жер шетелдіктерге жалға берілмесін, әр отбасыға лайықты баспана, Еуропарламент қарары орындалсын!

Сондай-ақ Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының өкілдері де осы күні Алматыда Орталық саябақ маңында сағат 13:00-де митингке шығатындарын мәлім еткен. Олар саяси тұтқындарға бостандық талап етпек.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бейбіт жиын митинг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір