• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:53:55
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысынын оқушысының хатына жауап беріп, сыйлық берді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, екі апта бұрын Ертіс ауданынан келген 10 жасар Мансұр Баймұса Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, шахмат пен ағылшын тіліне деген қызығушылығы туралы айтып берген.

Мемлекет басшысының жауабын оған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов тапсырды.

"Айналайын Мансұр! Сенің хатыңды ықыласпен оқып шықтым. Маған жолдаған ақ тілегінді шынайы ризашылықпен қабылдадым. Шахматпен айналысып, ағылшын тілін де меңгеріп жүрсін, жарайсың. Елімізде өзің сияқты зерек әрі үлгілі балалар болсын деп тілеймін. Келешекте өз ісінің маманы болып, отанымызға адал қызмет ететініне кәміл сенемін. Ата-анаңа менің сәлемімді жеткіз. Арманың әр-дайым асқақ болсын, Мансұр. Құрметпен, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев" деп жазылған хатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған шахмат Мансұрға тапсырылды.

Фото: Павлодар облыс әкімінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Павлодар Тоқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір