• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

08 Желтоқсан, 15:53:21
Алматы
+6°

«Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейінгі өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың егжей-тегжейімен азаматтарды таныстыруды жалғастыруда. Еліміздің батыс өңірлерінде жыл сайын қандай істер атқарылады және олардың нақты көрсеткіштері қандай? Бұл туралы партияның баспасөз қызметі арнайы ақпарат таратты.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әрбір өңірде, қала мен ауданда жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін мақсатты индикаторлар мен мерзімдерді, сондай-ақ оған жауапты орындаушыларды белгілей отырып, сайлауалды міндеттемелерді іске асыру бойынша Жол карталары бекітілді.

Сонымен, Батыс Қазақстан облысында алдағы 5 жылда 1498 көрсеткіш пен 3541 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 20,2%-ға, 2022 жылы – 39,6%-ға, 2023 жылы – 59,9%-ға, 2024 жылы – 78,7%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалады.

Биылдың өзінде 7,5 мың пәтердің 1,9 мыңы, 23 мектептің 4-еуі, 15 спорт нысанының 9-ы, 2 мәдениет нысаны, 5 медициналық нысанның 1-еуі салынады. 5 жыл ішінде 65 мың жұмыс орны ашылып, 10 жаңа туристік нысан салынады.

Атырау облысында 725 көрсеткіш пен 1013 іс-шараны орындау жоспарланған. 2021 жылы өңірдегі сайлауалды бағдарлама 19,3%-ға, 2022 жылы – 38,7%-ға, 2023 жылы-59%-ға, 2024 жылы – 79,4%-ға және 2025 жылы толығымен іске асырылады.

Жыл соңына дейін 289 км автожолдың 32 шағырымы, 153 км сумен жабдықтау желілерінің 121 шақырымы салынып, жөнделеді. 103 мың жұмыс орнын құру, 11 мектеп, 56 балабақша, 10 медициналық нысан, барлық 7 аудан орталығында ТҚҚ сұрыптау кешендерінің құрылысы және т. б. жоспарланған.

Маңғыстау облысында бекітілген Жол картасы аясында 2645 көрсеткіш пен 2328 іс-шараны орындау көзделіп отыр. 2021 жылы партия бағдарламасы 19,9%-ға, 2022 жылы – 40,1%-ға, 2023 жылы – 60,6%-ға, 2024 жылы – 80,1%-ға және 2025 жылы 100%-ға іске асырылатды.

5 жыл ішінде облыста құрылысы жоспарланған 30 мектептің 6-ауы осы жылы салынады. Сол сияқты 89 балабақшаның 10-ы, 14 спорт нысанының 3-еуі бой көтереді. 1534 нысанның 305-і ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімделетін болады. 70 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін қалаларда 48 көппәтерлі үй және облыс аудандарында 89 үй салынады

Ақтөбе облысында 1825 көрсеткіш және 3750 іс-шара бекітілді. 2021 жылы «Nur Otan» бағдарламасы 19,5%-ға, 2022 жылы – 39,8%-ға, 2023 жылы – 60%-ға, 2024 жылы – 80,1%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалады.

2021 жылы өңірде 1057 км сумен жабдықтаудың 336 км, 1697 км газбен жабдықтаудың 457 км, сондай-ақ 2022 км автожолдың 377 км салынады және жөнделеді. 2025 жылға дейін 105 мың жұмыс орны құрылады, 25 туристік нысан және 9 ТҚҚ полигоны салынады.

Облыс халқының 29%-ы ауылдық жерлерде тұратынын ескере отырып, өңірде екі жылыжай кешенін, екі сүт-тауар фермасын, құс фабрикасын салу және ІҚМ басын ұлғайту жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрлерін – омарташылықты, жидек дақылдарын өсіруді және т.б. дамытуға ерекше назар аударылады.

Барлық сайлауалды уәделермен nurotan.kz және nurotan2021.kz.сайттарынан танысуға болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Nur Otan батыс өңірлер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір